KASE саудасының шілденің 2-сінен 7-сіне дейінгі регламенті

деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап.
Шілденің 2-сінде USD_TOD, EUR_TOD, RUB_TOD, USD_TOM, EUR_TOM, USD_TOD_TOM, USD_TOD_SPT құралдарымен, сондай-ақ бағалы қағаздармен, репо нарығы құралдарымен сауда KASE-де әдеттегі режім бойынша өткізіледі. USD_SPT құралымен сауда да қалыпты режімде өтеді, бірақ та олардың нәтижелері бойынша есеп айырысулар шілденің 7-сінде жүзеге асырылады.
Шілденің 3-інде USD_TOD, EUR_TOD, RUB_TOD, USD_TOD_TOM, USD_TOD_SPT құралдарымен, сондай-ақ бағалы қағаздармен, репо нарығы құралдарымен сауда KASE-де әдеттегі режім бойынша өткізіледі.
USD_TOM и EUR_TOM құралдарымен сауда - қалыпты режімде, бірақ та олардың нәтижелері бойынша есеп айырысулар шілденің 7-сінде жүзеге асырылады.
USD_SPT құралдарымен KASE-дегі сауда қалыпты режімде, бірақ есеп айырысулар шілденің 8-інде жүргізіледі.
Шілденің 4-і, 5-і және 6-сы күндері демалыс және мереке күндері, KASE-де сауда өткізілмейді. Шілденің 7-сінен бастап KASE сауданы қалыпты режімде қайта жалғастырады.