11:38, 27 Қараша 2015 | GMT +5
KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ долларының құны 307,20 теңге
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары (USDKZT_TOM) бойынша, есептесуі T+0 теңгемен еуро (EURKZT_TOD) бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен еуро (EURUSD_TOM) бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен қытай юані (CNYKZT_TOD) бойынша таңертеңгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Сауда-саттыққа KASE валюталық нарығының 19 мүшесі қатысты

Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 307,20 теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 32 600 мың АҚШ долларын құрады.
Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеу болған жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне сұраным бір юаньға 47,7100 теңгені құрады, ұсыным - бір юаньға 47,7300 теңге болды.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.