KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ долларының құны 342,59 теңге

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 19 мүшесі қатысты.

Бұл туралы Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметі хабарлады.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 342,59 теңгені (-1,03 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 49 400 мың АҚШ долларын (+12 150 мың USD) құрады.

Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған еуро бағамы бір еуроға 390,00 теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 150 мың еуроны құрады.

Есептесуі Т+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне сұраным бір юаньға 53,0200 (-0,0333 теңге) теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 300 мың юаньді (-300 мың юань) құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

 

 
Соңғы жаңалықтар
telegram