KASE таңертеңгілік сессиясы: доллар 150,84 теңгені құрады

Есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) және есептесуі Т+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша сауда Ұлыбританиядағы және ГФР-дағы 29 наурыз (Құмарлық жұма) демалыс күніне байланысты жүргізілген жоқ деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
Аталмыш қаржы құралдарына осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 20 мүшесі қатысты
Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 150, 84 теңгені (-0,03 теңге) құрады.
Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер болған жоқ.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.