KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,52 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_ TOD) таңертеңгілік  сауда сессиясы өтті.
None
None

Германия мен Ұлыбританияда 6 және 9 сәуір демалыс күндеріне байланысты Т+0 в теңге (EURKZT_TOD) және АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) бойынша бүгін  KASE өткізілмеді.

Аталған инструменттер үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 24 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,52 теңге (-0,55 теңге), сауда көлемі - 197 400 мың АҚШ доллары (+46 100 мың USD) болды.

Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Соңғы жаңалықтар