KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,30 теңгені құрады

Аталған құоалдар үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Бүгін саудаға KASE валюталық нарығының 25 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының Т+1 есебімен теңгемен орташа бағамы бір доллар үшін 150,30 теңгені (-0,12 теңге), сауда көлемі - 622 000 мың долларды (+388 250 мың АҚШ доллары) құрады.
Еуроның T+0 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті құрал бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.