11:46, 11 Ақпан 2011 | GMT +5
KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -146,43 теңгені, еуро бағамы - 199,40 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 146,43 теңгені, ал сауда көлемі - 167 550 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,02 теңгеге , сессия көлемі 41 750 мың долларға қымбаттады.
Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сассия жабылар кезде ұсыныс бір еуро үшін 199,40 теңгені құрады.
Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сассия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.