12:00, 01 Маусым 2010 | GMT +5
KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -146, 85 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 146, 85 теңгені, ал сауда көлемі 66 700 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0, 16 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 17 900 мың долларға өсті.
Ал Т+0 теңге есебімен және Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі болған жоқ.