KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы 148,15 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро және АҚШ доллары (EURUSD_TOD) бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
None
None

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 148,15 теңгені, ал сауда көлемі 184 100 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,02 теңгеге арзандап, сессия көлемі 151 800 мың долларға өсті.

Т+0 теңге есебімен еуро бойынша және Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ.

Соңғы жаңалықтар