KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы 148,17 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 1 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро және АҚШ доллары (EURUSD_TOD) бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
None
None

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 8 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ-та демалыс күн болуына байланысты, бүгін қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро және (EURUSD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша сауда болған жоқ.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+1 есебімен 148,17 теңгені, ал сауда көлемі 32 300 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,05 теңгеге арзандап, сессия көлемі 307 450 мың долларға кеміді.

Т+1 теңге есебімен еуро бойынша және Т+1 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ.

Соңғы жаңалықтар