11:27, 29 Желтоқсан 2009 | GMT +5
KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы 148,35 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро және АҚШ доллары (EURUSD_TOD) бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды. Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 20 мүшесі қатысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 148,35 теңгені, ал сауда көлемі 272 180 мың долларды құрады. Алдыңғы таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,09 теңгеге арзандап, сессия көлемі 238 380 мың долларға өсті.
Еуро бойынша теңгемен де, АҚШ долларымен де мәміле жасалған жоқ.