KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы 148,36 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 30-ы.  ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге  есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0  (EURKZT_TOD) теңге есебімен  еуро  және  АҚШ  доллары (EURUSD_TOD) бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды. 
None
None

Аталған       санаттар  үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 22 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 148,36 теңгені, ал сауда көлемі  141 210  мың долларды құрады. Алдыңғы таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы   0,01  теңгеге қымбаттап,   сессия көлемі 130 970 мың  долларға   азайды.

Соңғы жаңалықтар