KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы 148,40 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро және АҚШ доллары (EURUSD_TOD) бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
None
None



Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 10 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 148,40 теңгені, ал сауда көлемі 14 400 мың долларды құрады. Алдыңғы таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,06 теңгеге арзандап, сессия көлемі 1 680 мың долларға азайды.

Т+0 теңге есебімен еуро бойынша және Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ.

Соңғы жаңалықтар