11:45, 03 Шілде 2009 | GMT +5
KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы 150,33 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды. USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды.

Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+ 0 есебімен валюта бірлігі үшін 150,33 теңгені, ал сауда көлемі 127 465 мың долларды құрады. Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы өзгеріссіз қалып, ал сессия көлемі 29 295 мың долларға артты.