12:29, 08 Шілде 2009 | GMT +5
KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы 150,62 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды.
Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+ 0 есебімен валюта бірлігі үшін 150,62 теңгені, ал сауда көлемі 87 340 мың долларды құрады. Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,17 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 33 290 5 мың долларға артты.