11:30, 27 Желтоқсан 2017 | GMT +5
KASE: Теңге бағамы көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңгенің 1 АҚШ долларына қатысты орташа бағамы Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында 331,14 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Сейсенбі күнгі сауда-саттыққа қарағанда, доллар бағамы 1,23 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ұлттық валютаның ең төменгі бағамы 1 долларға 330,96 теңге деңгейінде болса, ең жоғары курс 331,7 теңгені көрсетті. Сауда көлемі 188,35 долларды құрады.
Сейсенбі күні доллардың курсы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 доллардың бағамы 332,37 теңге, күндізгі сессияда 332,35 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 332,36 теңге болған. Жалпы сауда көлемі 264,1 долларды құраған.