KASE: Теңге нығая түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 және Т+1 теңгемен (USDKZT_TOD және USDKZT_TOM) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша (CNYKZT_TOD) таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды.
None
None

Аталмыш қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюталық нарығының 22 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 334,16 теңгені (-0,99 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 37 800 (+16 600 мың USD) мың USD құрады.

Айта кетейік, кеше күндізгі сессияда АҚШ долларының бағамы 335,10 теңге болған еді. Осылайша бір тәулік ішінде доллар 1 теңгеге жуық арзандады.

Соңғы жаңалықтар