Қашаған кен орнынан мұнай айдайтын құбырлар шетелдік компаниялар бюджеті есебінен ауыстырылмақ

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қашаған теңіз кен орнындағы D аралынан тартылған істен шыққан құбырларды «Болашақ» мұнай дайындайтын жерүсті қондырғысына ауыстыру Солтүстік Каспий жобасының шетелдік әріптестері есебінен жүзеге асырылмақ, деп хабарлады North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумының басқарушы директоры Стефан де Майё.
None
None

«Қашаған кен орнынан құрлыққа мұнай мен күкіртті газ айдалатын құбырларды салу жобаның шетелдік қатысушыларының бюджеті есебінен жүзеге асырылмақ. Құны бірнеше миллиард доллар болатын бұл жұмыстар жобаның жалпы құнына кірмейді», - деді С. де Майё.

Естеріңізге сала кетейік, өнімді бөлістіру Келісіміне сәйкес, Қашағанды игеру жобасын жүзеге асыру шығындарын Қазақстан мұнай алына бастаған соң өтеуі тиіс. 2013 жылы күзде Қашаған кен орнында басталған мұнай алу ісі құбырлардағы ақауларға байланысты уақытша тоқтатылған еді. Оның себебі ретінде «құбырларға артық жүктеме түсуі салдарынан олардың сульфидті жарықшақтануы» аталған болатын. 2015 жылы осы құбырларды ауыстыру ісі қолға алынбақ. Әр құбырдың жалпы ұзындығы - 96 шақырым. Жобаны жүзеге асыруға әзірлік басталды. Бұл жұмыстар 2016 жылдың екінші жартысында аяқталады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар