Қашаған кен орнында арматура салмаққа шыдас бермеген

АТЫРАУ. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Атырау облысында Қашаған кен орнында болған апаттың себебі: механизмдерге салмақтың түсуінен арматура шыдас бермеген, деп хабарлады аймақтық ТЖ департаментінен.
None
None

Департамент бастығы Болатбек Омаровтың айтуынша, орын алған апат қызметкерлердің қауіпсіздігіне және экологияға зардап тигізген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай 2 наурызда Қашаған кен орнында Каспий теңізінің қазақстандық секторында құрылған «Д» жасанды аралындағы жабық өндіруші ұңғымалардың бірінде орын алды. Штаттан тыс жағдай жүргізіліп жатқан іске қосу-реттеу жұмыстарының барысында ұңғымалардың бірінің герметизациясын жою барысында болды.

«Қауіпсіз аумаққа көшіру жарияланбады. Экологияға зардап тиген жоқ, сондықтан оқиғаны ТЖ бойынша қызметтер тергеуде», - деп мәлімдеді облыстық табиғатты қорғау прокуратурасынан.

Бұған дейін хабарланғандай, наурыз айының басында Каспий теңізінің шельфінде мұнай операцияларын жүргізіп жатқан консорциум алып кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру бұған дейін хабарланғандай, биылғы жылдың наурыз айында емес, маусымында басталатынын жариялады. НКОК компаниясының баспасөз қызметі бұл фактіні теріске шығарған жоқ, оқиғаның егжей-тегжейін кейінірек хабарлауды уәде етті.

Соңғы жаңалықтар