08:07, 14 Қараша 2013 | GMT +5
Қашаған кен орнында газдың шығып кетуі салдарынан экологияға келген залал мөлшері анықталуда
АТЫРАУ. 14 қараша. ҚазАқпарат - Атырау облысы бойынша экология департаменті теңіздегі Қашаған кен орнын зерттеумен айналысатын консорциумға қатысты кезектен тыс тексеріс жүргізіп жатыр.

Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, тексерудің мақсаты - Қашаған кен орнынан «Болашақ» мұнай дайындау кешеніне дейін жер үстінен тартылған құбырдан құрамында күкіртті сутегі бар газдың шығып кетуінен экологияға келген залал мөлшерін анықтау.