Қашаған кенішінде мұнай өндіру 2016 жылдың соңына қарай қалпына келтірілуі мүмкін

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы Қашаған теңіз кенішінде мұнай өндіру 2016 жылдың соңына қарай қалпына келтірілуі мүмкін. Осы кезге дейін NCOC компаниясы жаңа құбыр төсеуді аяқтауды жоспарлауда, онымен мұнай мен күкіртті газ кеніштен «Болашақ» шикізатты даярлау жерүсті қондырғысына жеткізіледі.
None
None

Бұл туралы Атыраудағы қоғамдық тыңдаулар барысында белгілі болды.

«Жерасты жұмыстары 2015 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланды. Жаңа құбырлар бұрынғы алынып тасталған құбырлардың орнына төселеді. Құбырларды дәнекерлеу өтпелі аймақта «Кастаро-12» құбыр төсетін баржасында жүргізіледі. Теңіз учаскесінде құбыр төсеу 1,8-ден 4 метрге дейінгі тереңдікте құбыр төсейтін баржалар мен арнайы кемелер пайдалану арқылы орындалады. Теңіздегі және жер үстіндегі құбырлар үш қабатты полиэтиленді тот баспайтын жабынмен қапталады және бетонмен жабылады», - деп NCOC компаниясының «Қашаған» жобасы департаментінің директоры Джанкарло Руйу тыңдаулар барысында егжей-тегжейлі түсіндірді.

Еске сала кетейік, Қашаған теңіз кенішінде 2013 жылғы күзде бірден бірнеше жерден құбырдан мұнай ағуы байқалған бойда мұнай өндіру тоқтатылған болатын. Кемшілігі бар екі құбыр да ауыстырылды. Олардың әрқайсысының ұзындығы 96 шақырым, оның 70 шақырымы теңіз түбімен өтеді.

Соңғы жаңалықтар