Қашаған кенішінің «D» аралындағы төбелесте бірнеше шетелдік зардап шекті

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат -Қашаған кенішінің «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» «D» аралында екі мердігер компания жұмысшыларының қақтығысу фактісін өкінішпен растайды.
None
None

Оқиға 2012 жылдың 27 қыркүйегінде «D» аралында шайға үзіліс кезінде орын алды, деп хабарлады «НКОК» баспасөз қызметінен.

«Оқиғаға мердігер компаниялардағы 30-дан 40-қа дейін қазақстандық және шетелдік жұмысшылар қатысты. Соның салдарынан кейбір шетелдік жұмысшыларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Олардың ішінде басынан жеңіл жарақат алған бір адам медициналық көмек көрсету үшін Атырауға жеткізілді. Компания процедураларына сәйкес, оқиғаны тергеу үшін арнайы топ құрылды. Бұл жағдай толығымен бақылауға алынып, тұрақталды», - делінген «Қазақстандық және шетелдік жұмысшылардың  қақтығысы бойынша мәлімдеме» атауымен таратылған хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, төбелес Қашаған алып кен орнын игеру бойынша солтүстік-каспийлік жобаның теңіз нысандарындағы мердігер компанияларында жұмыс істейтін үнді және қазақстандық жұмысшылар арасында болды.

Соңғы жаңалықтар