Қашағандағы мұнай өндіруді тоқтатудың басты себептері анықталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Қашаған кен орнына екі жаңа құбыр өткізгіш төселетіні жайлы қоғамдық тыңдау өтіп, онда бұрынғы құбырдың істен шығу себептері түсіндірілді.
None
None

«Өткен жылы күзде кен орнында күкіртті мұнай және күкіртті газ тасымалдайтын екі құбыр істен шыққан болатын, оның себептерін анықтауға шамамен бір жылдай уақыт кетті. Оған қазақстандық, шетелдік мамандар қатысып, тұтастай зертхана қызметі тартылды. Негізгі себебі - қысым салдарынан құбырлар сульфидті жарылған деп белгіленді. Нақтырақ айтқанда, құбырлар болат барынша қатты болған орындарда жоғары қысым мен күкіртті сутек әсерінен жарылған. Дәнекерлеу орындарында да жарылған жерлер бар. Енді жаңа құбырлар лакталған жамылғымен көміртекті болаттан жасалатын болды. Бұл - аса берік материал», - деп хабарлады NCOC компаниясының басқарушы директоры Стефан де Майё.

Еске салсақ, Қашаған кен орнында мұнай өндіру өткен жылғы күзде тоқтатылған, себебі екі құбырдың бірнеше жерінен мұнай төгілгендігі анықталған болатын. Ақаулы құбырлар толықтай ауыстырылатын болды. Олардың әрқайсының ұзындығы - 96 метр, оның 70 шақырымы теңіз түбінен өтеді.

Соңғы жаңалықтар