00:19, 10 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Қашағанды игеру жобасына бір біріктірілген компания қатысады - Стефан де Майё
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қашаған кенішін игеру жобасына бір біріккен кәсіпорын қатысады, деп хабарлады Атыраудағы қоғамдық тыңдауларда North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумының жаңа құбырлар салу жобасы жөніндегі басқарушы директоры Стефан де Майё.
«Ықпалдасу және қосылу үдерісі басталды. «Аджип ККО» компаниясының акциялары Өнімдерді бөлу жөніндегі келісім ауқымында Солтүстік Каспий жобасының қазіргі операторы NСОС компаниясына берілді. «Аджип ККО» компаниясы «НКОК Н.В.» болып атауын өзгертті. Оған компанияның акциясы берілді. Сөйтіп, енді NСОС, НКПОК және НКОК Н.В. комппанияларының бір ғана меншік құрылымы бар. Бұл бірлескен бірыңғай компанияға бірте-бірте қосылуға қажетті корпоративтік басқаруды оңайлатады, Үш компанияның заңды қосылуы 2015 жылға белгіленген», - деді С. де Майё.
С.де Майёнің айтуынша, өтіп жатқан үдеіріс құбырларды ауыстыру жобасын жүзеге асыруға, сондай-ақ Қашаған кенішінде мұнай өндіруді қалпына келтіруге әзірлікке әсер етпейді.