Кашмирде су тасқынынан 30-дан астам адам құрбан болды

АСТАНА. KAZINFORM – Үндістанның бақылауындағы Кашмирде 100-ден астам адам құтқарылып, кемінде 50 адам із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Euronews.

наводнение
Фото: freepik.com

-Үндістанның бақылауындағы Кашмирде шалғай жатқан таулы жердегі ауылда нөсер жауын салдарынан болған табиғи су тасқыны салдарынан кемінде 32 адам мерт болды, -деп хабарлады табиғи апаттармен күрес қызметінің өкілі.

Бейсенбі күні Мохаммед Иршад Гималайдың Чосити ауданындағы бос қалған ауылдарды тексеріп жүрген құтқарушылардың кемінде 100 адамды құтқарғанын мәлім етті. Ол алдын ала бағалау бойынша, кемінде 50 адамның із-түзсіз жоғалғанын айтты.

Үндістанның Ғылым және технология министрінің орынбасары Джитендра Сингх Джамму мен Кашмир штаттарындағы Чосити ауданындағы су тасқыны нөсер жауын салдарынан болғандығын мәлім етті.

Жергілікті шенеунік Сушиль Кумар Шарма осы кезде ауыл тұрғындары мен ресми органдар қирандылар астынан 7 адамның мәйтін тапқанын хабарлады.

Шарманың сөзінше, су тасқыны ондаған көлік пен мотоциклдерді ағызып кетуіне байланысты көптеген адам әлі хабарсыз кеткендер қатарында.

Чосити- Кашмирдің Киштвар округіндегі шалғай жатқан ауыл. Бұл үндістер жыл сайын киелі тауға қажылыққа сапар шегетін жолдағы көлік жүре алатын соңғы орындардың бірі.

Табиғи апат қажылыққа барғандар үшін кездейсоқ жағдай болуы мүмкін. Ресми тұлғалар қажылық тоқтатылып, табиғи апат болған ауданға қосымша құтқару командалары жіберілгенін хабарлады.

Кашмирдегі Нью-Дели өкілінің басшысы Манодж Синха адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты. Ол Үндістанның әскери қызметкерлеріне, әскери құрылымдарына, сондай-ақ полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің өкілдеріне құтқару және көмек көрсету жұмыстарын күшейтуді тапсырғанын мәлімдеді.

Үндістанның Гималай өңілерінде шағын аумақта желмен бірге болатын нөсер жауындар жиіліп барады. Бұл жауындар үлкен су тасқындары мен көшкіндер тудырып, оның салдарынан адамдар құрбан болып жатады.

Осыған дейін Үндістандағы ауылды қуатты сел басып, төрт адам қаза тапқаны туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар