Кашмирде туристерге шабуыл жасауы мүмкін күдіктілердің үйлері сүріліп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Үндістан билігі 26 адам қаза болған, туристерге жасалған шабуылға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен Кашмирдің 10 тұрғынының үйін сүріп тастады.

1500-ден астам адам тергеліп жатыр деп хабарлайды BBC.
Үйлерді сүру жұмыстары шабуылдан соң үш күн өткенен кейін басталды. Бұл істі жеделдету үшін жарылғыш зат қолданылды.
Ресми түрде билік үйлерді жару әрекетін шабуылмен байланыстырып отырған жоқ. Алайда үйлердің күдік тудырған содырлардікі екені анық.
Кейбір шенеуніктер содырлармен күресті қолдағанымен бейбіт тұрғындардың үйлерін сұру әрекетінің заңды екендігіне күмәнмен қарап отыр.
Джамму мен Кашмирдің бас министрі Омар Абдулла кінәлілерді жауапқа тартпауға шақырды.
Үндістан мен Пәкістан шекарасында атыс жүріп жатыр. Үндістан билігі Пәкістанды содырларды қолдады деп айыптады. Алайда олар қандай да бір топтың атын атап отырған жоқ. Пәкістан бұл айыпты мойындамады.
Кашмир 70 жылдан бері даулы аймақ саналады. 20 сәуір күні туристерге шабуыл өңірдегі кейінгі 20 жылдан бері алғаш рет болып отырған қанды теракт.
Айта кетейік, осыған дейін Үндістанның солтүстігіндегі Джамму мен Кашмир одақтас аймағында болған қарулы шабуылдан кемінде 25 турист қаза тауып, 20-ға жуық адам жарақат алған туралы жаздық.