Қашықтан оқытудың екінші аптасы: Сабақтар қалыпты жағдайда өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова қашықтан оқыту аясында интернет платформа арқылы білім алып жатқан оқушылар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Төртінші тоқсан аясында барлық мектептерде қашықтан оқытудың екінші аптасы аяқталды. Оның нәтижесінде барлық мектепте бұл жұмыстың қалыпты жағдайда жүргізіліп отырғанын байқадық. Өздеріңіз білесіздер, қашықтан оқытудың бірнеше форматы ұсынылған болатын. Осы аптаның ішіндегі деректерге қарасақ, 2,4 млн оқушы мен мұғалім интернет платформаны пайдаланып, жұмыс істеп отырғанын көріп отырмыз. Интернет журналдар жүйесінде де, оның ішінде Күнделік жүйесінде оқушылар мен мұғалімдердің белсенді жұмысы байқалды», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингіде.

Оның сөзіне қарағанда, телеарналардағы сабақтарды 800 мыңнан астам оқушы күнделікті көріп отыр.

«Мұғалімдердің оқушылармен кері байланыстары да қолжетімді құралдар арқылы жеткізілуде», - деді Ш. Каринова.


Соңғы жаңалықтар