Қашыр ауданында «Самал» балалар лагері ашылды - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 26 маусым. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Федоровка ауылында орналасқан «Самал» жазғы жаңа сауықтыру лагері Қашыр ауданының балаларын демалуға қабылдады, деп хабарлады білім басқармасынан.
None
None

Оның ашылу мерекесіне Қашыр ауданының әкімі Нұрлан Құлжан, білім басқармасының бастығы Бахыт Бексейітова және балалар құқықтарын қорғау жөніндегі департаменттің директоры Гүлбарам Наурызбаева қатысты.

«Самалда» аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған 360 оқушы демалады.

«Бәйтерек» балалар демалысының бағдарламасына сауықтыру процедуралары мен спорттық ойындар, экскурсиялар мен табиғат аясына саяхаттар, байқаулар мен суреттер көрмелері, би және ән мерекелері кіреді.

Соңғы жаңалықтар