Қасиетті Ораза айт мерекесі баршаңыздың отбасыңызға құт-береке мен мол игілік әкелсін - Павлодар облысының әкімі

ПАВЛОДАР. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын аймақ тұрғындарын Ораза айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметінен.
None
None

"Қасиетті Рамазан айы - ислам руханиятының игілікті дәстүрі, мейірімділік пен қайырымдылықтың, ізгілік пен қамқорлықтың көрінісі.

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгер саясаты мен ерен еңбегінің арқасында көпұлтты мемлекетіміздегі саяси тұрақтылық пен конфессияаралық түсіністік берік бекіді, қазақстандық толеранттылық ұғымы өзге мемлекеттерге үлгі боларлықтай жоғары деңгейге жетті. Бұл еліміздегі діни ахуал мен мемлекеттік саясаттың дұрыстығының толық дәлелі болса керек.

Сауабы мың айдан да артық қасиетті Рамазан айы мұсылмандардың санасы мен жүрегін тазартып, жаман пиғылдан арылтып, имандылыққа жол бастады. Ораза айт мерекесі барша адамзат баласын қайырымды істер жасауға, мұқтаждарға қол ұшын беруге, жетім-жесірге көмек қолын созуға, кешірімді болуға шақырады.

Осы айда ораза тұтқан халқымыз мейірімділік пен адамгершілікке, татулық пен тағаттылыққа жақындай түскені рас.

Осындай қастерлі күні шын ниет-пейілімен Жаратушыға құлшылық етіп, ораза тұтқан барша мұсылман жамағатына Алланың шапағаты мен мейірімі төгілсін демекпін.

Барша жерлестеріме зор денсаулық пен мол табыс тілеймін! Қасиетті Ораза айт мерекесі баршаңыздың отбасыңызға құт-береке мен мол игілік әкелсін!" делінген құттықтау хатында.

Соңғы жаңалықтар