Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Түрікменстанға барады

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорданың ресми сайты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-12 желтоқсан күндері Түрікменстанға баратынын мәлімдеді.

Ақорда
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, сондай-ақ Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына барады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Президент цифрландырудың кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды.

Соңғы жаңалықтар