Қасым-Жомарт Тоқаев 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды

АСТАНА. KAZINFORM —  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды
Фото: Ақорда

Мұнда Отанына әр кезеңде қалтқысыз қызмет еткен қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік репрессия құрбандары жерленген. Кешенге «Ата бейіт» атауын жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы мемориалдық кешен аумағындағы 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды
Фото: Ақорда
«Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешені
Фото: Ақорда

Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барған еді

 

Соңғы жаңалықтар