Президент ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты, қазақ руханиятының аса көрнекті өкілі, белгілі ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған кешке барды. Бұл туралы Ақордадан хабарлады.

Қазақстан Президенті
Фото: Ақорда
Шөмішбай Сариев
Фото: Ақорда

Концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен ақынның «Айналдым сенен, Атамекен-ай», «Сәлем саған, туған ел», «Аяулым», «Домбыра туралы баллада», «Өкінбе сен», «Өмір-өзен», «Сағындым сағым жылдар», «Дос керек», «Сарыарқа» және тағы басқа өлеңдеріне жазылған, халық сүйіспеншілігіне бөленген әндер орындалды.

Тамара Асар
Фото: Ақорда

Осыған дейін Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Жұбаныш Жексенұлы
Фото: Ақорда
концерт
Фото: Ақорда
концерт
Фото: Ақорда
концерт
Фото: Ақорда
концерт
Фото: Ақорда
концерт
Фото: Ақорда
концерт
Фото: Ақорда
Соңғы жаңалықтар