Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ елшісімен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы елшісі Джули Стаффтты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы елшісі Джули Стаффтты қабылдады
Фото: Ақорда

Президент Қазақстан мен Американың жоғары деңгейдегі қарқынды саяси диалогы екіжақты және көпжақты форматтағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізіп келе жатқанына тоқталды.

— Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция салаларындағы маңызды уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Нақты нәтижеге қол жеткізу үшін екі елдің салалық ведомстволары деңгейінде тығыз қарым-қатынасты жалғастыру қажеттігі айтылды, — делінген хабарламада. 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джули Стаффт Бейбітшілік кеңесі аясындағы ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.

АҚШ елшісі аталған Ұйымның ізгі мақсатын ілгерілетуге белсене атсалысқаны үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді. 

Бұған дейін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Сербия Президенті Александр Вучичті қарсы алғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум