Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан Президенті «Загульбада» қарсы алды

Касым-Жомарт Токаев прибыл в резиденцию Президента Азербайджана «Загульба»
Фото: Ақорда

БАКУ. KAZINFORM — «Загульба» резиденциясында Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Баку
Фото: Ақорда

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Ақорда
Фото: Ақорда

Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті. Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барғанын жазған болатынбыз. 

Екі елдің өзара қарым-қатынасы және Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға сапарынан не күтуге болатынын Kazinform тілшісінің шолуынан оқи аласыз. 

Соңғы жаңалықтар