Қазақстан Президенті Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барды

Президент
Фото: Ақорда

БАКУ.KAZINFORM – Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Қазақстан Президентін Әзербайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 наурыз күндері Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барады деп хабарлаған болатынбыз. Екі күнге созылатын сапарда Мемлекет басшысы Президент Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізеді және қазақ-әзербайжан жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысу жоспарланған.

Екі елдің өзара қарым-қатынасы және Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға сапарынан не күтуге болатынын Kazinform тілшісінің шолуынан оқи аласыз. 

Президент
Фото: Ақорда

 

Соңғы жаңалықтар