Қасым-Жомарт Тоқаев балалар футбол академиясын аралап көрді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Президент Ақтөбе қаласындағы «Химик» стадионының базасында ашылған балалар футбол академиясына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент ақтөбелік футболшылармен бірге
Фото: Ақтөбе
 Касым-Жомарт Токаев посетил детскую футбольную академию
Фото: Ақорда

Заманауи үлгіде жабдықталған нысанда жыл бойы спортпен айналысуға жағдай жасалған. Академияда қазір 780 бала үздік халықаралық тәжірибе бойынша жаттығады. Онда спорт залдары, әкімшілік, оңалту, ем-дом және басқа да қызмет көрсету кабинеттері орналасқан.

 Касым-Жомарт Токаев посетил детскую футбольную академию
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы академияны аралап көріп, жасөспірімдермен және жаттықтырушылармен әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды зиянды әрекеттерден сақтау үшін оларды спортқа көптеп тартудың маңызы зор екенін айтты.

 Касым-Жомарт Токаев посетил детскую футбольную академию
Фото: Ақорда

Президент осыған дейін Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының қызметімен танысты.

Президент ақтөбелік футболшылармен бірге
Фото: Ақорда

 

Соңғы жаңалықтар