Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ мұғалімді мемлекеттік наградамен марапаттады
АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталды:
«Парасат» орденімен
Өтелбаев Мұхтарбай — «Математика және математикалық модельдеу институты» РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы
«Құрмет» орденімен
Урнгалиева Зуря Айтқұлқызы — «№ 3 „Зерде“ бөбекжайы» МКҚК тәрбиешісі, Орал қаласы
Шерстобитова Марина Георгиевна — «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ мұғалімі, Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Амерқанова Гүлбаршын Александровна — «№ 5 жалпы орта білім беру мектебі» КММ мұғалімі, Павлодар облысының Екібастұз қаласы
Ахметова Ақмарал Дүйсебекқызы — «№ 2 жалпы орта білім беру мектебі» КММ мұғалімі, Атырау облысының Қызылқоға ауданы
Әлибаева Балмия Тұрабекқызы — «№ 24 мектеп-лицей» КММ мұғалімі, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы
Далмырзаев Сәкен Әбдіманатұлы — «Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ мұғалімі, Түркістан облысы
Кенжебекова Мереке Лесқұлқызы — «Сәкен Сейфуллин атындағы шағын орталықты орта мектеп» КММ мұғалімі, Жамбыл облысының Шу ауданы
Коровин Андрей Иванович — «Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы жоғары аграрлық — технологиялық колледжі» МКҚК өндірістік оқыту шебері
Нұрпейісова Гүлмира Көлбайқызы — «Жарбұлақ орта мектебі» КММ мұғалімі, Абай облысының Мақаншы ауданы
Төлегенов Мақсат Қасымұлы — «Дарынды ер балаларға арналған „Білім-инновация“ лицей-интернаты» КММ мұғалімі, Астана қаласы
Уәлибаева Айнагүл Әбішқызы — «Нұрым мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» КММ мұғалімі, Жетісу облысының Кербұлақ ауданы
«Шапағат» медалімен
Герасева Ирина Михайловна — «А. М. Горький атындағы гимназия» КММ мұғалімі, Қостанай облысы
Ляшова Ақерке Ермекқызы — «Балауса-Балғын» бөбекжайы» КМҚК тәрбиешісі, Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы
Мырзабекова Жанна Қонысбекқызы — «№ 1 тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ мұғалімі, Ұлытау облысының Ұлытау ауданы
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы беріледі
Ещанова Тамара Жеткербайқызы — «А.Мәлкеев атындағы Есік мамандандырылған дарынды балаларға арналған „Білім-инновация“ лицей-интернаты» КММ мұғалімі, Алматы облысы
Жұмахметова Жанар Бейбітқызы — «Комсомол жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мұғалімі, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы
Исмаилов Қайрат Төлегенұлы — «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ мұғалімі, Қарағанды қаласы
Ноғайбаева Гүлнар Төленқызы — «А. С. Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясы» МКК мұғалімі, Шымкент қаласы
Шілдебаева Айгүл Амангелдіқызы — «Әл-Фараби атындағы № 201 мектеп-лицейі» КММ мұғалімі, Қызылорда облысының Жалағаш ауданы
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді қағазбастылықтан, аттестациядан және пайдасыз тексерістерден босатуды тапсырған еді.