15:44, 01 Қазан 2025 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ ұстазды мемлекеттік наградамен марапаттады
АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласына қосқан елеулі үлесі және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ ұстазды мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент марапаттарды Ұстаздар күніне арналған жиын барысында берді.
Президент қолынан мектеп мұғалімдерімен бірге колледж және жоғары оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін мамандар да марапат алды.

Осыған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарды келе жатқан кәсіби меркелерімен құттықтаған болатын.
Мемлекет басшысы мұғалімдердің кәсіби мерекесі елімізде ерекше аталып өтетінін жеткізіп, ұстаздар қауымына зор құрмет көрсетілетінін айтты.








