Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында сөз сөйлейді

АСТАНА. KAZINFORM — Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесін реформалайтын кез келді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында сөз сөйлейді
Фото: Ақорда

— Екінші айтулы дата — Екінші дүниежүзілік соғыстың басты институционалдық қорытындысы саналатын Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы. Біріккен Ұлттар Ұйымына әлі күнге дейін еш балама жоқ. Қазақстан оны көкейкесті халықаралық мәселенің бәрін әділ шешу жолындағы негізгі келіссөз орны бола беруге тиіс деп санайды. Дегенмен Біріккен Ұлттар Ұйымын, әсіресе, оның ең басты органы — Қауіпсіздік Кеңесін реформалайтын кез келді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент таяу арада тиісті ұсынысын жариялайтынын айтты.

— Мен жақында Нью-Иорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында сөз сөйлеймін. Басқосуда халықаралық ахуалға, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалауға қатысты Қазақстанның көзқарасын білдірмекпін, — деді Мемлекет басшысы. 

Айта кетелік Президент көптеген мемлекет Қазақстанмен достық қатынас орнатып, тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылатыны туралы айтқан еді

Соңғы жаңалықтар