Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM — Нью-Йорк қаласына сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

 Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
Фото: Kazinform/ akorda.kz/ wikipedia

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына ерекше назар аударылды.

Дональд Трамп экономика және сауда салаларындағы ықпалдастықты кеңейтудің маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ президенттер халықаралық ахуалға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. 

Айта кетелік Президент АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнаулы өкілі Серджио Горды қабылдаған еді

Соңғы жаңалықтар