17:11, 22 Қыркүйек 2023 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28-29 қыркүйек күндері Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Федералды Канцлер Олаф Шольцпен және Федералды Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді.
Сонымен қатар Президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, сапар аясында Мемлекет басшысы халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.