Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Барселона қаласында өткен халықаралық STEM олимпиадасында, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырылған химия пәнінен халықаралық олимпиадада жеңіске жеткен қазақстандық оқушыларға құттықтау жеделхатын жолдады.

IChO-2025 олимпиадасында төрт медаль иеленді
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қасым-Жомарт Тоқаев мұны еліміздің абырой-беделін арттыра түсетін тарихи жетістік ретінде бағалады.

– Бұл – Қазақстанда білім беру саласы қарқынды дамып келе жатқанының айқын дәлелі. Мемлекет жастардың сапалы білім, тағылымды тәрбие алуына әрдайым баса мән береді. Еліміз сіздерді мақтан тұтады. Жарқын жеңістеріңіз көп болсын! – деп жазды Президент.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада төрт медаль иеленгенін жазғанбыз.

Сондай-ақ Барселонадағы байқауға қатысушыларымыз 13 медаль еншіледі.

Соңғы жаңалықтар