18:36, 31 Қазан 2024 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Короліне көңіл айтты
АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Испания Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың басспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияда табиғи апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Фелипеге көңіл айтты.
– Осындай ауыр сәтте Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.
Осыған дейін Испанияда су тасқыны салдарынан 50-ден астам адам мерт болғаны туралы жаздық.
Испаниядағы су тасқынынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.
Испанияда үш күн аза тұту күні жарияланды.