Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуылдан бас тартуын құптайды

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін жеткізген Иран Президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптайды.

Ақорда
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті мұны Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп санайды.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев араб елдерінің басшыларына қолдау білдірген болатын. 

Сондай-ақ ол Ирандағы жағдайға байланысты қауіпсіздік мәселелері бойынша тапсырма берді.

 

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум