Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос Президенті Тхонглун Сисулитті елорда әуежайынан шығарып салды

АСТАНА. KAZINFORM- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапары аяқталған Лаос Президенті Тхонглун Сисулитті елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Касым-Жомарт Токаев проводил Президента Лаоса в аэропорту Астаны
Фото: Ақорда

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос басшылығының елімізге алғашқы сапарын маңызды қадам ретінде бағалады.

Касым-Жомарт Токаев проводил Президента Лаоса в аэропорту Астаны
Фото: Ақорда

— Ең алдымен менің шақыруымды қабыл алып, Қазақстанға ресми сапармен келгеніңіз үшін өзіңізге шынайы алғысымды, ризашылығымды білдіремін. Бұл — Лаос басшылығының елімізге жасаған алғашқы, тұңғыш сапары. Мұны біз маңызды қадам деп қабылдаймыз. Бұл сапардың мән-мағынасы ерекше, айрықша деп айтуға болады. Осы тарихи сапар елдеріміздің ынтымақтастығын нығайтуға тың серпін берері сөзсіз, — деді Президент кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында.

Касым-Жомарт Токаев проводил Президента Лаоса в аэропорту Астаны
Фото: Ақорда

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Лаос компанияларына Қазақстан нарығына шығудың тиімді жолын ұсынды.

— АХҚО бизнес ашу мен инвестиция тартудың халықаралық алаңына айналды. Онда әлемнің 90-нан аса елінен келген 6300-ден астам компания тіркелген. АХҚО платформасы арқылы Қазақстанға 27 миллиард доллар инвестиция тартылды. АХҚО Лаос компаниялары үшін Қазақстан нарығына шығатын әрі Орталық Азиядағы қызметін кеңейтетін тиімді құрал бола алады, — деді ол.

Лаос Президенті Қазақстанның мамандар даярлауға көрсеткен қолдауын жоғары бағалады.

Касым-Жомарт Токаев проводил Президента Лаоса в аэропорту Астаны
Фото: Ақорда

Сапар соңында Лаос Президенті Қазақстан Республикасының Ұлттық музейін аралап көді