Қасым-Жомарт Тоқаев Латвия Президентіне құттықтау хат жолдады
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Латвия Президенті Эдгарс Ринкевичсті ұлттық мерекесі – Латвия Республикасын жариялау күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эдгарс Ринкевичсті Латвия Республикасын жариялау күнімен құттықтады.
– Мемлекет басшысы екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық одан әрі кеңейе түсетініне сенім білдірді. Сондай-ақ Эдгарс Ринкевичстің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Латвия халқына бақ-береке тіледі, – делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Президенті Махмұд Аббасты Тәуелсіздік күнімен құттықтап, екіжақты қарым-қатынастың одан әрі өркендей беретініне сенім білдірген еді.