Қасым-Жомарт Тоқаев Лула да Сильваны президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңіске жеткен Бразилия Президентін құттықтады.
— Президент @LulaOfficial, сізді президент сайлауындағы лайықты жеңісіңізбен құттықтаймын. Бразилия халқы сіздің ұлттық егемендікті нығайтуға, Бразилияның ірі әлемдік держава ретіндегі беделін арттыруға, Біріккен Ұлттар Ұйымының реформасын ілгерілетуге және әділ әлемдік тәртіпті құруға бағытталған саясатыңызды қолдайтынын білдірді, - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев X желісіндегі парақшасында.
Бұған дейін Лула да Силва Бразилия президенті болып қайта сайланғанын жазған едік.