Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді әуежайдан шығарып салды

АСТАНА. KAZINFORM –  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапары аяқталған Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді әуежайдан шығарып салды
Фото: akorda.kz
Малайзия
Фото: akorda.kz

Өз кезегінде Ануар Ибрагим құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевты бүгінгі туған күнімен құттықтады.

Малайзия
Фото: akorda.kz
Малайзия
Фото: akorda.kz

Айта кетейік, «Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өткен болатын.

Мемлекет басшысы шағын форматтағы кездесу барысында Малайзияны Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады. 

Малайзия делегациясымен кеңейтілген құрамда өткен келіссөз барысында өзара тиімді байланыстарды одан әрі нығайтуға баса мән беріліп, екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе қарастырылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Малайзияның Премьер-министрі Ануар Ибрагим «Ақорда» резиденциясының ауласында серуендеді.

Соңғы жаңалықтар