Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мәңгілік достық — халықтарымызға жол сілтер темірқазық»

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары қарсаңында «Российская газета» басылымында «Вечная дружба – путеводная звезда для наших народов» атты мақаласы жарық көрді.

Токаев
Фото: Ақорда

- Қазақстан мен Ресей - одақтас мемлекеттер және стратегиялық әріптестер. Тарихтың өзі біздің мызғымас достығымызды, барлық саладағы кең ауқымды ынтымақтастықты және гуманитарлық саладағы тығыз ынтымақтастықты алдын ала белгілеп берді, - деп басталады Президент мақаласы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық деңгейіне көтеріліп келе жатқанына назар аударады. Астана мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас еуразиялық кеңістіктегі көптеген іргелі процестерге шешуші ықпал ететінін атап өтеді.

Бұған дейін хабарланғанындай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады

Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.

Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады.

Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар