Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Бочарованы қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM - Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Глава государства принял Наталью Бочарову
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ұйымның гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған заманауи, беделді әрі тиімді құрылым ретінде қалыптасуы аса өзекті екенін атап өтті.

Волков А.Ю.
Фото: Ақорда

Әңгімелесу барысында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде Ұйымға мүше барлық елдердің мүддесіне тең қараудың маңызына назар аударды. Президенттің пайымдауынша, тіл саясиландыратын мәселе емес, керісінше адамдарды біріктіруге, өзара түсіністікке қызмет етуге тиіс.

Наталья Бочарова
Фото: Ақорда

Наталья Бочарова Ұйым қызметіне қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, алдағы даму жоспары туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Бочарованы қабылдады
Фото: Ақорда

Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті туған күнімен құттықтады.